1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні!

Маңғыстау облысы
Түпқараған аудандық мәслихаты


Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы,
Форт-Шевченко, Д.Тәжіұлы көшесі 13

Ақпарат

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.

Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.  





Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

Слова: Жумекена Нажимеденова, Нурсултана Назарбаева Музыка: Шамши Калдаякова Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңкымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып...

Мәслихат жаңалықтары

 


Түпқараған ауданы

Маңғыстау облысы

Аудан облыстың батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Орталығы – Форт-Шевченко қаласы. 1963 жылға дейін Шевченко ауданы, 1972 – 1992 жылдары Форт-Шевченко қалалық әкімдігі аумағы болып, 1992 жылдан қазіргі атымен аталады.


Ауданның ресми сайты:

www.tupkaragan.mangystau.gov.kz

ҚР мемлекеттік рәміздері