1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні!

Маңғыстау облысы
Түпқараған аудандық мәслихаты


Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы,
Форт-Шевченко, Д.Тәжіұлы көшесі 13

Ақпарат

Мәслихат хатшысы

Досанова Айкүміс Сәрсенғалиқызы

БИОГРАФИЯ

Досанова Айкүміс Сәрсенғалиқызы  1957 жылдың 1 наурызында  Гурьев облысы  (қазіргі Маңғыстау облысы) Шевченко ауданы Қызылөзен селосында тудым.

1974 жылы  Ақшұқыр селосындағы Ш.Ералиев атындағы орта мектепті бітірдім.

1979 жылы Алматы қаласында С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің  химия факультетін бітірдім.

Еңбек жолымды  1979 жылы Гурьев қаласында Мұнай  химиясы  және табиғи тұздар институтында  инженер болып бастадым.

1980 - 1985 жылдарда  Ақтау қаласындағы №11 қалалық кәсіптік-техникалық училищеде, Ақшұқыр селосындағы Ш.Ералиев атындағы орта мектепте  оқытушы болып қызмет атқардым.

1985 жылдың қарашасынан бері партия, кеңес , әкімдік саласында еңбек етіп келемін.  Форт-Шевченко қалалық атқару комитетінің жауапты хатшысы, Форт-Шевченко қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы, Маңғыстау облыстық Кеңесінің ұйымдастыру-кадр бөлімінің меңгерушісі, Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, 2008 жылдың қыркүйегінен бері  Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы.  Еңбек өтілім – 34 жыл, оның 28 жылы- мемлекеттік қызметте.

1985- 1991 жылдары – Форт –Шевченко қалалық  Кеңесінің депутаты

2008 жылдың  қыркүйегінен Түпқараған аудандық мәслихатының депутаты

1989 – 1992 жж Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрайымы

1999 жылдан   "Нұр Отан" ХДП  мүшесімін..

Маңғыстау облыстық әйелдер Кеңесінің төрайымы,  облыс әкімі жанындағы  отбасы және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның мүшесі сияқты қоғамдық жұмыстарды атқардым.

Білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен,  Елбасының, Республика Үкіметінің Алғыс хаттарымен, "Тәуелсіздіктің 10 жылдығы", "Конституцияның 10 жылдығы", "Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медальдерімен ,  "Нұр Отан" ХДП-сының  "Белсенді қызметі үшін" төс белгісімен, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының Алғыс хатымен,  "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталдым.

Отбасымда жолдасым, бір ұлым бар. Ұлым Алматы қаласында оқытушы. 

Мәслихат жаңалықтары

 


Түпқараған ауданы

Маңғыстау облысы

Аудан облыстың батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Орталығы – Форт-Шевченко қаласы. 1963 жылға дейін Шевченко ауданы, 1972 – 1992 жылдары Форт-Шевченко қалалық әкімдігі аумағы болып, 1992 жылдан қазіргі атымен аталады.


Ауданның ресми сайты:

www.tupkaragan.mangystau.gov.kz

ҚР мемлекеттік рәміздері