1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні!

Маңғыстау облысы
Түпқараған аудандық мәслихаты


Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы,
Форт-Шевченко, Д.Тәжіұлы көшесі 13

Ақпарат

Маңғыстауда бірқатар кәсіпкерлік және әлеуметтік нысан екі аптаға жабылады

5 шілдеден бастап аймақта қатаң шектеулер енгізіледі

Маңғыстау облысының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Сыдымановтың 4-шілде күнгі № 32 БСДҚ қаулысына сәйкес Маңғыстау облысында 5-шілде сағат 00:00-ден бастап 20 шілде сағат 00.00-ге дейін келесідей қатаң шектеулер енгізіледі:

БАРЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ТОҚТАЙДЫ

1. Қалааралық автобус тасымалдары тоқтатылады;

2. қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады;

3. Жеке көлікпен және таксимен жүруге рұқсат етіледі.

4. меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу рәсімдері т.б.), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды ашық ауада өткізуге тыйым салынады;

5. мәдениет объектілерінің, мұражайлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салынады;

6.діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметін тоқтату, зираттарға баруға тыйым салынады;

7. балаларды сауықтыру лагерьлерінің, білім беру орталықтарының, балалардың түзету кабинеттерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарды қосқанда, балалардың демалу орындары мен қосымша оқыту орындарының қызметі тоқтатылады;

8. ұлттық олимпияда комитеті акредиттеген спорт базарларын қоспағанда барлық спорт объектілерінің (спорт алаңдары, кешендер, үйірмелер, секциялар бассейндер және т.б.) қызметіне тыйым салынады;

9. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, халықтың (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардың қызметіне рұқсат беріледі. Көрсетілген объектілер қажет болған жағдайда медициналық ұйым ретінде пайдаланылады;

ТОПТАСЫП ТАБИҒАТҚА ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

10. 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылады;

11. әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруға рұқсат беріледі;

12. 3 адамнан аспайтын жеке немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, экскурсиялық, корпоративтік саяхаттарға, табиғатқа топтасып шығуға тыйым салынады;

13. ашық ауада жеке жаттығулар жасауға рұқсат;

14. өңірлер арасында жеке автокөліктің жүріп-тұруына рұқсат беріледі;

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРЫ ТҰТЫНШЫҒА ЖЕТКІЗУ ӘДІСІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

15. сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің (оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды қоспағанда) қызметіне тыйым салынады;

16. ойын-сауық мекемелерінің (караоке, кальян, бильярд, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг-орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар қызметіне тыйым салынады;

17. фудкорттар, банкет залдарының қызметіне тыйым салынады;

18. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне сағат 10.00 ден сағат 21:00-ге дейін дейін «тұтынушыға жеткізу мақсатымен» жұмыс істеуге рұқсат беріледі;

19. СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсететін массаж кабинеттерінің қызметіне тыйым салынады;

20. жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметіне тыйым салынады;

21. жеткізу қызметін қоспағанда, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне тыйым салынады;

22. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеулі Қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беріледі;

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАЙДЫ

23. ХҚКО-ның жұмысы тоқтатылады;

24. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, онлайн режимде көрсетілмейтін қызметтер үшін жұмыс күндері сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, «Қазпочта» АҚ жұмысын ұйымдастырады;

25. үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі; күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауадағы құрылыс жұмыстары жалғасады;

26. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу, химиялық тазалау және басқалар) қызметі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін шектеледі;

27. жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін белгілей отырып, бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері және т.б.), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысын ұйымдастыру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асады;

28. Арақашықтық талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазба бойынша) қызметіне рұқсат беріледі;

29. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), ашық ауадағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) қызметіне рұқсат беріледі;

30. Барлық мекемеде кемінде 80% қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істейді;

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН АЗАМАТТАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтарына:

1) Жұмыс және қоғамдық орындарда (сауда объектілері, көшелер, саябақтар, әуежай және т. б.), қоғамдық көлікте маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі;

2) Көп адам жинап, шақырып кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (туған күндер, мерейтойлар, тойлар, еске алу және т.б.).

Карантин талаптарын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Дереккөзі: МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ  

Жарияланған күні: 4 шілде 2020



8 тамыз 2020

Биыл Маңғыстауда 9 мектеп іске қосылады

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Мұнайлы ауданына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы Батыр ауылында құрылысы жүріп жатқан 960 орындық метептің құрылысымен танысып, аралап көрді. Заманауи үлгіде тұрғызылып жатқан білім ошағы жоспарға сәйкес тамыз...

5 тамыз 2020

Хабарландыру/Аудандық мәслихат депутаттарының сайлаушыларды жеке сұрақтарымен қабылдауы туралы

Түпқараған аудандық мәслихат депутаттарының 2020 жылдың тамыз айындағы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі Садықов Демеген Мертеұлы 12.08.2020ж. Сағ. 15-00 Берішбаева Айна Шотанқызы 27.08.2020ж. Сағ. 15-00 Рысмұхамбетов Рустам Мирұлы 12.08.2020ж Сағ. 15-00 Төлеумағанбетов...

1 тамыз 2020

Маңғыстау облысында қатаң шектеу шаралары енгізіледі

Маңғыстау облысының халық арасында «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Сыдымановтың жаңа қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес төмендегі қатаң шектеу шаралары енгізіледі: Маңғыстау облысының...

29 шілде 2020

Биыл Құрбан айт ерекше тәртіппен өтеді

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО Дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов мәлім етті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өтетіндігін...

20 шілде 2020

Маңғыстау облысында қатаң карантиндік шектеулер енгізіледі

Маңғыстау облысының халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Сыдымановтың жаңа қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес төмендегі қатаң шектеу шаралары енгізіледі: Маңғыстау облысының...

13 шілде 2020

Маңғыстауға Біріккен Араб Әмірлігінен медициналық жабдықтар жетті

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмовтың БАӘ басшыларымен жүргізген келіссөзі нәтижесінде аймаққа гуманитарлық көмек жеткізілді. 7,5 тонна жүк тиелген әуе кемесі Ақтау халықаралық әуежайына келіп қонды. Келген көмектің ішінде 25 жасанды өкпе вентиляциясы (ИВЛ)...

9 шілде 2020

Қауіпті індет жұқтырған науқастарды емдеуге 200 медицина қызметкері жұмылдырылды

Бұл туралы Маңғыстаудағы коронавируспен күрес шаралары тақырыбына арналған онлайн-брифингте облыс әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді. Бүгінгі күні медициналық мамандардың жұмыс көлемі артты. Дәрігерлер науқастардың өмірі үшін күн-түн демей аянбай күресуде. Алайда,...

9 шілде 2020

Аймақ басшысы Маңғыстаулықтарды карантин режимін қатаң сақтауға шақырды

«Қазақстанда 5-ші маусымнан бастап карантин режимі енгізіліп, бірқатар шектеу шаралары жасалды. Бұл қазіргі уақыттың талабы және өзге тиімді жол жоқ. Сондықтан, облыс тұрғындарын карантин режимі талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Бүгінгі күні эпидемиалогиялық жағдай...

8 шілде 2020

Биыл Ақшұқыр ауылында жаңа мектеп іске қосылады

Бұл туралы онлайн брифингте Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақов мәлімдеді. Аудан көлемінде мектепке дейінгі білім беретін ұйымдар саны – 22, оның ішінде 11 мемлекеттік балабақша және 11 жекеменшік. Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жастағы...

4 шілде 2020

Маңғыстауда бірқатар кәсіпкерлік және әлеуметтік нысан екі аптаға жабылады

5 шілдеден бастап аймақта қатаң шектеулер енгізіледі Маңғыстау облысының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Сыдымановтың 4-шілде күнгі № 32 БСДҚ қаулысына сәйкес Маңғыстау облысында 5-шілде сағат 00:00-ден бастап 20 шілде сағат 00.00-ге дейін келесідей қатаң шектеулер...

3 шілде 2020

Хабарландыру/Аудандық мәслихат депутаттарының сайлаушыларды жеке сұрақтарымен қабылдауы туралы

Түпқараған аудандық мәслихат депутаттарының 2020 жылдың шілде айындағы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі Садықов Демеген Мертеұлы 15.07.2020ж. Сағ. 15-00 Берішбаева Айна Шотанқызы 23.07.2020ж. Сағ. 15-00 Рысмұхамбетов Рустам Мирұлы...

2 шілде 2020

Маңғыстауға дәрігерлер шақыртылады

Бүгінгі күні медициналық мамандардың жұмыс көлемі артып отыр. Дәрігерлеріміз науқастардың өмірі үшін күн-түн демей аянбай күресуде. Алайда, өңірде медицина мамандарының жетіспеушілігі байқалуда. Атап айтқанда, өңірде реаниматологтар, инфекционисттер, терапевттер және...

2 шілде 2020

Маңғыстауда стационарлар саны көбейіп жатыр

Жалпы денсаулық сақтау ұйымдарында барлығы 1667 төсек-орындар дайындалды. Соның ішінде, инфекциялық стационарда 230 төсек орын, провизорлық стационарда 1047 төсек орын және карантиндік стационарда 390 төсек орын жасақталды. Бүгінгі күні олардың сыйымдылығы 74 % - ды құрап...

29 маусым 2020

Маңғыстау облысының емханаларында пневмониямен ауырып жатқан науқастарға дәрі-дәрмектер берілуде

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмектер, материалды техникалық қамтамасыз ету және инвестициялар бөлімінің бас маманы Жанар Төлебаева хабарлады. Пневмония бойынша 1 миллион 987 мыңнан аса...

27 маусым 2020

Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық ахуал

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация қызметінің, баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева мәлімдеді. Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирусты инфекциямен 830 адам тіркелген. Оның ішінде 462...

16 маусым 2020

Хабарландыру/Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бесінші сессиясын шақыру туралы

Алтыншы сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясын шақыру туралы       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-...

16 маусым 2020

Маңғыстау облысының туристік төлқұжаты әзірленді

Маңғыстау облысы әкімдігінде өткен аппараттық жиында облыс әкімінің орынбасары Нұдаулет Қилыбай Маңғыстаудың туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында, бірегей бренд-бук жасақталып, логотипі әзірленгендігін хабарлады. Бренд-букта Ақтау қаласының туристерге арналған...

9 маусым 2020

Хабарландыру/Аудандық мәслихат депутаттарының сайлаушыларды жеке сұрақтарымен қабылдауы туралы

Түпқараған аудандық мәслихат депутаттарының 2020 жылдың маусым айындағы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі Садықов Демеген Мертеұлы 17.06.2020ж. Сағ. 15-00 Берішбаева Айна Шотанқызы 25.06.2020ж. Сағ. 15-00 Рысмұхамбетов Рустам Мирұлы 11.06.2020ж Сағ....

8 маусым 2020

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІНІҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ

8 маусымнан бастап Маңғыстауда карантиндік шаралар күшейтіледі  Маңғыстау облысында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі 7%-дан өсуі және эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық...

5 маусым 2020

Биыл өңірге қажетті мамандықтарға облыс әкімінің 175 гранты бөлінеді

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейделиев мәлім етті. Жылдағы дәстүр бойынша маусым айында өтетін ҰБТ қорытындысымен мемлекеттік гранттар бөлінетін болады. Министрлік тарапынан биылғы...

2 маусым 2020

ХАБАРЛАНДЫРУ/ САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА

Құрметті сайлаушылар ! 2020 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңы қабылданды. Заң осы жылдың 6 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі. Аудандық мәслихат Заңға...

2 маусым 2020

"Бастау бизнес" оқыту курсы басталады

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Аманат Махмутов мәлімдеді. Жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету мақсатында биыл "Еңбек" бағдарламасы бойынша облысымызға 640 қайтарымсыз грант бөлінді....

2 маусым 2020

Жағажай мен демалыс базалары жүмысын қайта бастайды

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Әсет Өтеғалиев мәлімдеді. Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету жұмыстары...

22 мамыр 2020

Маңғыстау облысында 25 мамырдан бастап қандай өзгерістер күтілуде

Маңғыстау облысында 25 мамырдан бастап карантиндік шаралар жеңілдетіледі және бірқатар кәсіпкерлік нысаны жұмысын жандандырады. Бұл жөнінде қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Е.Күмісқалиев айтып...

Жаңалықтар

 


Түпқараған ауданы

Маңғыстау облысы

Аудан облыстың батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Орталығы – Форт-Шевченко қаласы. 1963 жылға дейін Шевченко ауданы, 1972 – 1992 жылдары Форт-Шевченко қалалық әкімдігі аумағы болып, 1992 жылдан қазіргі атымен аталады.


Ауданның ресми сайты:

www.tupkaragan.mangystau.gov.kz

ҚР мемлекеттік рәміздері